Үйде төрт адам – анасы, әкесі, ұлы және келіні тұрған
Алматыда ер адам алдымен әйелін тапаншамен атып өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қайғылы оқиға кеше түнде Наурызбай ауданында болған. Көршілердің айтуынша, үйде төрт адам – анасы, әкесі, ұлы және келіні тұрған екен.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, отбасындағы жанжал кезінде 48 жастағы ер адам тапаншадан оқ атқан.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.