Halyq Uni логотип
×

Былтыр Қазақстанда кибербуллинг фактілері бойынша 78 мың өтініш тіркелген

Мәжіліс бала құқықтарына қатысты заң жобасын мақұлдады

 Айнұр Шошаева 24.03.2022 | 10:18
Былтыр Қазақстанда кибербуллинг фактілері бойынша 78 мың өтініш тіркелген
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, Ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл хабарлады.

Заң жобасы онлайн-платформаларда балаларға қатысты буллингтің алдын алуға қатысты түзетулерді көздейді.

Түзетулерге сәйкес, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ірі халықаралық әлеуметтік желілермен өзара іс-қимыл жасайды.

Егер қазақстандық балалар әлеуметтік желілерде буллингке ұшыраған болса, олардың ата-анасы аталған министрлікке шағымдана алады. Министрлік үш күн ішінде тексеру жүргізіп, өтінішті әлеуметтік желі өкіліне жіберуге міндетті. Содан кейін өкіл 24 сағат ішінде әрекет етуі керек – мазмұнды, балаларға қатысты кибершабуыл фактілері бар ақпаратты жою.

Қазақстандық тараптың шарттарына келіскен платформалардың ішінде бұл – Facebook, Instagram және LinkedIn. Заң жобасы пайдаланушылық базасы 100 мың адамнан асатын сервистерге қатысты.

Анықтама: Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының статистикасы бойынша, оқушылардың 12%-ы қудалауға және қорқытуға ұшырайды. 11 жастан 15 жасқа дейінгі балалардың 11%-ы әлеуметтік желілерде кибербуллингке қатысқан немесе ұшыраған. Өткен жылы кибербуллинг фактілері бойынша 78 мың өтініш тіркелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама