×

Мүсілім Оңдағанов бостандыққа шықты

Ол 9 жыл жазасын өтеді

 Дастан Жұмабекұлы 01.02.2023 | 10:17
фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүсілім Ондағанов 9 жыл жазасын өтеп, бостандыққа шықты. Бұл туралы «Мой город» хабарлады.

Ол 2014 жылғы ақпан айында бюджет қаражатын жымқырып, қылмыстық топ құрды деген айыппен 12 жылға сотталған болатын. Одан кейін оның жазасы 9 жылға қысқарды.

2020 жылы тамыз айында Ондағанов жазасын өтеп жатқан Қостанай облысындағы колонияда 7 жыл 3 ай қамауда отырып, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды. Алайда сол жылы 19 тамызда Қостанай облысының соты оны қайтадан қамауға алып, жазасын толық өтеу туралы шешім шығарды.

Кеше Мүсілім Ондағановтың жазасын өтеу мерзімі толық аяқталды. Бұл ақпаратты оның адвокаты Абзал Құспан да растады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама