×

Ақтөбеде ер адамнан 15 млн теңге талап еткен бопсалаушы ұсталды

Күдікті тергеу изоляторына қамалды

 Динара Амантай 01.02.2023 | 09:32
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде бұрын сотты болған ер адам қала тұрғынынан ірі көлемде ақша талап етіп бопсалаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаңтар айының соңында полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны белгісіз адамның өзін ұрып-соғу арқылы қорқытып, 15 млн теңге бопсалағаны туралы арызданған. Жедел іс-шаралар барысында арнайы бөлімшенің жауынгерлерін тарта отырып, ҰҚҚКБ қызметкерлері 34 жастағы ер адамды анықтап, оны жәбірленушіден ақшаның бір бөлігін алу кезінде ұстады.

Күдіктінің 2022 жылдың соңында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны, сол жерде осындай қылмысы үшін жазасын өтегені анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тергеу изоляторында жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама