×

Метеорологтар биылғы жаздың өте ыстық болатынын ескертті

Орташа жылдық температура климаттық нормадан 1,08 және 1,32 градус аралығында болады

 Дастан Жұмабекұлы 31.01.2023 | 17:43
фото: ашық дереккөз

Метеорологтар биылғы жаздың ыстық болатынын ескертті.

Ұлыбританияның Met Office ауа райын болжау орталығының мәліметіне қарағанда, сәуір айынан бастап су массасының температурасы орта есеппен 1-3 градусқа дейін қызады. Бұл жылыну Солтүстік және Оңтүстік жарты шардың тропикалық аймақтарындағы циклондардың әрекетін жылдамдатады. Солтүстік жарты шардың субтропиктік және қоңыржай аймақтарында аномальды ыстық толқындар мен ұзаққа созылған құрғақшылық қаупі артады.

Сонымен қатар, Met Office климаттық орталығы биыл орташа жылдық температура климаттық нормадан 1,08 және 1,32 градус аралығында болады деп болжаған. Жер шарындағы жылдық ауа температурасы климаттық нормадан 1,3 градус және одан да жоғары болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама