×

ШҚО-да 100-ден аса адамды алдаған интернет-алаяқтар ұсталды

Олар азаматтарға онлайн-несие рәсімдеуге «көмектескен»

 Динара Амантай 31.01.2023 | 16:05
Фото: polisia.kz

ШҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 2022 жылдың қаңтарынан бастап интернет желісі арқылы алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

.Биыл 19 қаңтарда Өскеменде тәртіп сақшылары қылмыстық әрекетті ұйымдастырушыны ұстаған. Ол 28 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ 22 және 27 жастағы көмекшілері болған. Күдіктілер Instagram әлеуметтік желісінде жалған «бір күндік» аккаунт ашып, онда «онлайн несие ресімдеуге көмек» туралы хабарландырулар орналастырған. Әрі қарай алдау арқылы өздеріне жүгінген азаматтарға олар микронесиелік ұйымдарда тауарлық несиелер рәсімдеген.

Қазір еліміздің әртүрлі өңірлерінде және Шығыс Қазақстан облысында тұратын 109 жәбірленуші анықталған. Күдіктілердің тұрғылықты жеріне тінту іс-шараларын жүргізу барысында теңгеріміне 60-тан аса адамдардан толықтырулар жүзеге асырылған ұялы телефондар, түрлі банктердің банктік карталары, ұялы байланыс операторының Simply карталары тәркіленген.

Жедел тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде олардың қылмыс жасау үшін 253 мобильді құрылғы мен ұялы операторлардың 573 абоненттік нөмірін пайдаланғаны анықталды.

Сонымен қатар, жүргізілген тергеу әрекеттері барысында полиция қызметкерлері жәбірленушілерге несие ретінде рәсімделген теледидар, планшет, ұялы телефондарды күдіктілердің Өскемен қаласының ломбардтары мен комиссиялық дүкендерге тапсырғанын анықтады. Сондай-ақ өткізілген тауарлардың жазбалары бар журналдар сияқты заттай дәлелдемелерді тәркілеген.

Криминалдық полиция қызметкерлері осындай қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында басқа облыстарға бағдар жолдады.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚҚ-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу іс шаралары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама