Бекбол Мираш 2022 жылдың 19 тамызында қайтыс болды
2022 жылдың 19 тамызында Жамбыл облысында қайтыс болған сарбаздың өліміне қатысты тергеу әрі қарай жалғасады. Бұл туралы Halyq Uni тілшісіне іс бойынша күдіктінің адвокаты Сержан Пралиев хабарлады.
«Тергеушіге өтініш жазып, «Шөлдала» шекара бөлімшесінің барлық қызметкеріне ДНҚ бойынша сот-сараптамасын тағайындауды сұрадым. Тергеуші қаулы шығарып, менің өтінішімді қанағаттандырусыз қалдырған еді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери прокуроры тергеушінің қаулысын жойып, менің өтінішімді қанағаттандырды. Қайтадан сот-сараптамасы тағайындалады», - деді адвокат.
Қаулы күшін жойғаннан кейін тергеуші адвокатқа қылмыстық істің жалғасатын туралы хабарлама жолдаған.
Айта кетейік, 2022 жылдың 19 тамызында Жамбыл облысында сарбаз қайтыс болды.
Ұлттық қауіпсіз комитеті шекара қызметіне қарасты Тараз қаласындағы «Шөлдала» шекара бөлімінде борышын өтеп жүрген 2004 жылы туған Бекбол Мираш асылып тұрған жерінен табылған.
Содан кейін қылмыстық іс қозғалып, cержант Айбек Нұртаев қамауға алынды.
«Сержант Айбек Нұртаев шекара қызметінде 20 жыл жұмыс істеген. 4 баласы бар. Оған қайтыс болған Бекбол Мирашты ұрып-соқты, қадір-қасиетін қорлады деген айып тағылған. ...) Басында сарбаздың кездесіп жүрген қызымен ұрысып қалғаны айтылды. Содан кейін қыз ақпаратты жоққа шығарды. Бір-екі күн өткен соң қызымен ұрысып қалған деп жауап берген сарбаздар сөзін өзгертіп, сержант Нұртаев ұрып-соққан, ақша сұраған деп жауап берген», - деді адвокат Сержан Пралиев.
Адвокаттың айтуынша, қайғылы жағдайдың алдында бес адам бірігіп ішімдік ішкен.
2022 жылдың 24 қыркүйегінде іс бойынша сот-биологиялық сараптама нәтижесі шықты. Ол жерде марқұмның киімдерінен бірнеше адамның шәуеті (сперма) табылған.