×

Қытай провинциясында бала санына қойылған шектеу алынып тасталды

Халықтың азаюы – 1980 жылы енгізілген «бір отбасында – бір бала» саясатының кесірі

 Дастан Жұмабекұлы 31.01.2023 | 12:02
фото: ашық дереккөз

Қытайдың Сычуань провинциясында бала санына қойылған шектеу алынып тасталды. ҚХР аймағының басшылығы мұны елдегі туу көрсеткішінің азаюымен күресуге бағытталған алғашқы шара деп хабарлады.

Сонымен бірге, провинция билігі бұдан былай некесіз туған бала мен оның анасы да ресми түрде тіркеуге алынып, жеңілдіктер алады деген шешім қабылдады.

Қытай заңы тұрмысқа шықпаған әйелдердің бала тууына тыйым салмайды. Алайда заң тұрғысынан алғанда некеге тұрған әйел ғана ана атанады. Осыған байланысты тұрмыс құрмаған әйелдердің бала туғысы келсе, медициналық көмекке, мектептен орын алуға және ақшалай жәрдемақы алуға рұқсат беріледі.

Қазір Қытайда бала туу азайып барады. Былтыр 9,56 млн адам дүниеге келсе, 10,41 млн адам қайтыс болған. Негізі бала тууының азаюы 1980 жылы енгізілген «бір отбасында – бір бала» саясатының кесірі делінеді. Ал ол жоба 1980 жылдың қыркүйегінде ел халқының бақылаусыз өсуін азайту мақсатында енгізілген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама