×

Алматыда халыққа жеңілдетілген автонесие алуға уәде берген алаяқ ұсталды

Бұл алаяқтықты 29 жастағы ер адам ойлап тауып, бірнеше ай бойы азаматтарды алдап келген

 Дастан Жұмабекұлы 31.01.2023 | 10:18
фото: polisia.kz

Алматыда халыққа жеңілдетілген автонесие алуға уәде берген алаяқ ұсталды. Ол қала тұрғындарына жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша автоорталықтан көлік алып беруге уәде беріп жүрген.

Бұл алаяқтықты 29 жастағы ер адам ойлап тапқан. Алаяқ бірнеше ай бойы азаматтарды алдап келген. Оларға автоорталықтан кезексіз, жедел түрде және жеңілдетілген несиеге жаңа көлік алуға көмектесуге уәде беріп отырған. Қазір күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы дәлелденді. Төрт адам полицияға арызданды. Олар келтірілген материалдық шығынды 3 млн теңгеге бағалап отыр.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама