×

Қазақстандық ауыр атлет Олимпиада алтынынан айырылды

Нижат Рахимов 8 жылға спорттан шеттетілді

 Халық үні 23.03.2022 | 09:00
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов Рио Олимпиадасының алтын медалінен айырылды. Спорт арбитраж соты (CAS) оны допингке қарсы талаптарды бұзғаны үшін 8 жылға спорттан шеттетті.

2021 жылғы қаңтарда Халықаралық допинг тест агенттігі спортшыға допинг қолданды деп айып тағып, уақытша жарысқа қатысуына тыйым салған. Рахимов мұнымен келіспей, арбитраж сотының допингке қарсы бөлімшесіне жүгінген. Сот оны 4 зәр үлгісін ауыстырды деп таныды. Бұл – IWF антидопинг ережелерін өрескел бұзу болып саналады.

Салдарынан спортшының 2016 жылдан 2021 жылға дейінгі жарыстарда жеткен барлық көрсеткіші жойылды. Рахимов 2016 жылы Рио де Жанейрода өткен Олимпиадада жеңіп алған алтын медалінен айырылды. Аталған медаль қытайлық ауыр атлет Люй Сяоцзюнге беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама