Павлодарда пойыз астына түсіп қалған ер адам аяқ-қолынан айырылды

Еркеғали Болатұлы

Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр

фото: ашық дереккөз

Павлодар қаласында пойыз астына түскен ер адамның екі аяғының табанына ампутация жасауға тура келген. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Айта кетсек, 28 қаңтарда сағат 10:54-те жедел жәрдемге Павлодардағы Успен көпірі маңында ер адамның жатқаны туралы хабар түскен. Оның аяғын пойыз басып өткен.

58 жастағы ер адамды жақын жердегі облыстық клиникалық аурухананың стационарына жеткізген. Ол қатты шокта болды. Пойыз екі табанын кесіп кетті, - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, оң қолының екі саусағы жұлынып кеткен көрінеді. Оған шұғыл ота жасалды.

Қазір оның жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.