Halyq Uni логотип
×

Ресейде мерез бен сары ауру жұқтырғандар көбейіп кетті

Мәскеудің өзінде жұқпалы ауруға шалдыққандар саны 4,6 есе артқан

 Дастан Жұмабекұлы 30.01.2023 | 12:07
Ресейде мерез бен сары ауру жұқтырғандар көбейіп кетті
фото: ашық дереккөз

Ресей Федерациясында 2022 жылы мерез (сифилис) және сары ауру (гепатит) кеселдерімен ауыратындар саны көбейіп кетті. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.

Росстат мәліметі бойынша, былтыр қазан айында Ресейде анықталған сифилиспен ауырғандар саны 2021 жылдың осы айымен салыстырғанда, 38 пайыз артық болып шыққан. Ал 2020 жылдың қазанына қарағанда, 129 пайыз өскен.

Мерез жұқтырып алғандар жылдың әр айында одан бұрынғы жылдың сол кезеңінен едәуір көп болып тұрған.

Аймақтар арасынан аурудың саны ресейлік орта көрсеткіштен 4,6 есе көп болған Мәскеу қаласы көш бастап тұр.

Мерезбен ауырып жатқандардың көбісі Ненецк автономиялық округінде, Тыва республикасында, Санкт-Петербург қаласында, Амур, Калуга, Тверь және Томск облыстарында (Ресейдің орта көрсеткішінен 1.3-3,3 есе көп) тұрады, – делінген Росстат баяндамасында.

Осымен бір мезгілде өткір гепатитпен ауырушылық соңғы 2 жылда өте жоғары болып тұр. Былтыр қазан айында ол 2021 жылдың сол айына қарағанда, 53 пайыз көп болған. Ал 2020 жылдың сол уақытымен салыстырғанда, 49 пайыз көп екені анықталып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама