Halyq Uni логотип
×

Атырауда деструктивті діни ағым өкілдерінен марихуана тәркіленді

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 30.01.2023 | 11:57
Атырауда деструктивті діни ағым өкілдерінен марихуана тәркіленді
Фото: polisia.kz

Атырау полицейлері деструктивті діни ағым өкілдерінен марихуана тәркіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 19 қаңтар күні сағат 12:25 шамасында Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара кезінде Ислам дінінің дестурктивті ағымының радикалды бағытын ұстанушы 1995 жылы және 1996 жылы туған заматтардан 1 қара түсті полиэтилен және 2 қою жасыл түсті қағаз орамасын тәркіледі.

Химиялық экспертиза қорытындысы бойынша тәркіленген заттардың 186 грамм болатын марихуана екендігі белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама