×

Астанада 55 жастағы жолаушы ұшақтан түсірілді

Сондай-ақ оған 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды

 Динара Амантай 28.01.2023 | 17:00
Фото: видеодан скриншот

55 жастағы жолаушы ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбағаны үшін рейстен түсірілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерініңт мәліметінше, 27 қаңтарда Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Qazaq Air әуекомпаниясының өкілдерінен Астана-Шымкент бағытындағы рейстің жолаушысына қатысты шара қабылдау туралы хабарлама келіп түскен. Құқықбұзушы акт бойынша көлік полицейлеріне берілді.

Тексеру барысында полицейлер масаң күйінде болған және ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған Шымкент қаласының 55 жастағы тұрғынын анықтады. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, ол «жеңіл дәрежелі» алкогольдік масаң күйінде болған.

Ер адамға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі («Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу») бойынша, ҚР ӘҚБтК-нің 566-бабы 1-бөлігі («Әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзу») бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, 8 айлық есептік көрсеткіш (27 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Дизель отынының қоры 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды

Энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
23.03.2023 | 14:24

Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Белгілі спортшы қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты
23.03.2023 | 14:01

Астана Наурыз көже дайындау бойынша рекордты жаңартты

Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі 10 қазанда дайындалған
23.03.2023 | 13:01

Ақтөбеде 42 жас отбасы баспаналы болды

Облыс әкімі арнайы сертификаттарды табыстады
23.03.2023 | 12:02