Ер адамның мүрдесі екі күн бойы үйдің ауласында жатқан
Кісі өлтіру оқиғасы 24 қаңтарға қараған түні болған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Сол күні 1966 және 1970 жылы туған екі ер адам бірге ішімдік ішіп, кейін бірінің үйіне барған.
Ары қарай ішу кезінде олардың арасында жанжал туындайды. Олар аулаға шығып, төбелескен. Төбелесте үй иесі жарақаттанып, құлаған кезде 1970 жылғы азамат ауладан шығып кеткен, - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайтыс болған адамның мәйіті үйдің ауласында жатқан және биік дуалдан көршілері ештеңе көрмеген.
26 қаңтарда күдіктінің өзі полицияға кінәсін мойындап келген. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты 99-бап (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.