Түркістан облысы Шымкент қаласындағы Қарттар үйінде осымен екінші рет 80 жастан асқан қариялар шаңырақ көтерді. Олар №2-інші арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұрып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Almaty.tv арнасының хабарлауынша, ерлі-зайыптылар осыдан 4 ай бұрын отбасын құруға бел байлапты. Қарттар үйінде 10 жылдан бері тұрып келе жатқан Салтанат Ешанқожаева жолдасын кезіктіргеніне қуанышты екенін айтты.
Жасымыз 80-нен асса да өзімізді сергек сезінеміз деген ерлі-зайыптылар Қарттар үйінде уақытымыз өте көңілді өтеді дейді.
Демалып отырсам, қасыма келіп «мені сені ұнатып қалдым» деді. Мен сенен үлкенмін ғой десем, «ештеңе етпейді жасыңды бөлісіп аламыз» деп қалжыңдады, – деді №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны Салтанат Ешанқожаева.
«Махаббат болуы керек. Сыйластық болған соң махаббат та болады ғой», – деді №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны Қашымбек Мұсақұлов.
Облыстық №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 167 адам бар. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, мұнда бір-бірін ұнатып, отау құрғысы келетіндер жиі кездеседі.
Орталықта 120 ер, 54 әйел және 49 мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Қазір келушілер саны азайды. Менің мұнда жұмыс істеп жатқанымызға 8 жыл болды. Осы аралықта байқағаным, отбасында әжелер қайтыс болған соң, атасын күтіп жасай алмай, осында алып келеді, – деді №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері Дашти Каримов.