Halyq Uni логотип
×

42 жастағы ер адам оқушыны тонамақ болды

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Динара Амантай 28.01.2023 | 14:00
42 жастағы ер адам оқушыны тонамақ болды
Фото: Halyq Uni

Таразда 9-сынып оқушысын тонамақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 24 қаңтарда Тараз қаласы ПБ 1-полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, белгісіз адамның кәмелет жасқа толмаған қызына күш қолдану арқылы жеке мүлкін ұрламақшы болғанын айтқан. Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Байзақ ауданының 42 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдіктінің айтуынша, ол кәмелетке толмағанның құнды затын ұрламақ болған, алайда оқушы айқайлап, көмек сұрай бастаған соң оқиға орнынан бой тасалаған.

Қазір күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігімен («Тонау») тергеу амалдары басталған. Істің толық мән-жайын анықтау бойынша жан-жақты тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама