×

Астанада жүк көлігі өртеніп, жүргізуші зардап шекті

Өртті сөндіруге 6 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды

 Динара Амантай 28.01.2023 | 12:26
Фото: Астана қ. ТЖД баспасөз қызметі

Астанада жүк көлігі өртеніп, салдарынан жүргізуші термиялық күйік алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Елорданың төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 08.06-да Өрт сөндіру қызметіне ГАЗзель автокөлігі жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде газель автокөлігі ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 08.22-де сөндірілді.

Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы 1990 жылы туған көлік жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді. Жүргізуші беті, екі қолы, екі табаны 1- 2 дәрежелі термиялық күйік алған деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД-ның 6 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жыл басынан бері елордада автокөлікте өрт саны артқанын хабарлайды.

Көбінесе өрттің себептері электр сымдарының дұрыс жұмыс істемеуі және газ баллонды жабдықтың дұрыс орнатылмауы, сондай-ақ техникалық тексерудің дұрыс жүргізілмеуі болып табылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама