×

Астанада есірткіні сатуға және сақтауға қатысы бар 5 адам ұсталды

Оларға қатысты қылмыстық істер қозғалды

 Динара Амантай 28.01.2023 | 11:53
Фото: turkystan.kz

Бір күнде елордада есірткі заттарын сатуға және сақтауға қатысы бар 5 азамат ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлері елорда аумағына есірткі заттарын жеткізуді және өткізуді жүзеге асырған қылмыстық топ жұмысының жолын кесті. Топты ұйымдастырушы бұрын сотталған 37 жастағы ер адам болып табылады, оның пәтерін тінту барысында әрі қарай сатуға дайындалған 8 келі «гашиш», электрондық таразы, «зиплок» және 450 000 теңге табылды және тәркіленді.

Бұдан әрі жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, оның барысында есірткіні сақтаған, буып-түйген және оларды іске асырумен айналысқан қылмыстық топтың тағы екі мүшесі ұсталды.

Полицейлер заңсыз айналымнан 23 келіге жуық есірткі заттарын немесе есірткіні тұтыну үшін 46 мыңнан аса бір реттік дозаны тәркіледі.

Қазір ұсталған адамдарға қатысты қылмыстық істер қозғалды. Барлық ұсталған адамдар қамалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама