×

Елімізде жергілікті атқарушы органдар әскерден жалтарғандарды іздеуге кірісті

2022 жылы олардың саны 37 мыңнан асқан

 Дәурен Ерболат 27.01.2023 | 16:40
Фото: ratel.kz

Елімізде әскери борышын өтемеген 30 мың қазақстандық іздеуде жүр. Бұл туралы Қазақстан қарулы күштерінің бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің офицері, подполковник Руслан Тапашев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биылғы дерек бойынша Қазақстанда (әскери борышын өтемей – автор) іздеуде жүргендер саны 30 мыңнан асады. 2022 жылы олардың саны 37 мыңнан асқан, - деді Руслан Тапашев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бұл ретте әскери борышын өтемеген қазақстандықтарды жергілікті атқарушы органдар іздеп жатыр.

«Жергілікті басқару органдары мен полиция жоспар құрып, азаматтарды іздестіріп, оларды әскерге шақыру пунктеріне жеткізеді», - деді подполковник.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама