Halyq Uni логотип
×

Құсмұрында жеке үй өртеніп, ана мен бала қаза тапты

Олардың мәйіті өрт сөндіру кезінде табылды

 Динара Амантай 27.01.2023 | 16:03
Құсмұрында жеке үй өртеніп, ана мен бала қаза тапты
Фото: Halyq Uni

Қостанай облысы Құсмұрын кентіндегі жеке үйлердің бірінен өрт шығып, салдарынан 34 жастағы әйел мен оның 6 жасар баласы көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, олардың мәйіті өрт сөндіру кезінде табылған.

26 қаңтарда сағат 09:09-да жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен. Сағат 09:17-де өрт сөндірушілер оқиға орнына келді. Құтқарушылар 15 шаршы метрді құрайтын қонақ бөлмедегі жиһаздың барлығы жанып кеткенін анықтады. Үйден газ баллоны шығарылды. Өрт салдарынан 34 жастағы әйел мен оның 6 жасар ұлы қаза тапты», - делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қазір өрт орнында сарапшылар жұмыс істеп жүр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама