Саяси партия өкілдеріне сайлау барысында осы нормаларды қатаң сақтау ескертілді
Жаңадан сайланатын Мәжіліс мандатының 30 пайызы әйелдер, жастар және мүгедек жандарға берілуі керек. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты.
«Сайлау туралы» Конституциялық заңда Мәжіліске сайлау кезінде саяси партиялардың тізіміндегі әйелдер мен жастарға үшінші санат өкілдері қосылды. Ол – мүгедектігі бар адамдар. Үш санаттың жалпы квотасы 30 пайыздан кем болмауы керек, - деді Нұрлан Әбідров комиссия отырысында.
Оның айтуынша, бұл өзгеріс алғаш рет осы науқанда қолданысқа енеді.
Сонымен қатар, бұл норма депутаттық мандатты бөлу кезінде де қолданылады. Санаттағы өкілдердің – әйелдердің, жастардың, мүгедек адамдардың саны жиынтығы бойынша партия алған депутаттық мандаттардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс.
Саяси партиялар өкілдерінің назарын тиісті сайлау рәсімдерін жүргізу барысында сайлау заңнамасының осы нормаларын да қатаң сақталуына назар аудартамын», - деді ОСК төрағасы.