Halyq Uni логотип
×

Тіл күрескері Руза Бейсенбайтегі Павлодардағы автобус валидаторларын қазақша сөйлетті (ВИДЕО)

Қоғам белсендісі әкімдіктегі қабылдаудан видеолар таратып, мәселе көтерді

 Дастан Жұмабекұлы 27.01.2023 | 15:28
Тіл күрескері Руза Бейсенбайтегі Павлодардағы автобус валидаторларын қазақша сөйлетті (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Тіл күрескері Руза Бейсенбайтегінің Павлодар қаласының әкімдігі мен басқа да мемлекеттік органдарына талап-тілегінің арқасында қаладағы қоғамдық көліктердегі валидаторлар мемлекеттік тілде қызмет көрсететін болды.

Бұған дейін қоғам белсендісі әлеуметтік желіде даулы пост жариялап, әкімдіктегі қабылдаудан видеолар таратқан болатын. Осыдан кейін қала әкімдігі қоғамдық көліктердегі валидаторларды қазақша сөйлететінін жеткізді.

Кеше Руза Бейсенбайтегі осы ұзақ уақытқа созылған күрестің нәтижесінде қала басшылығы ақыры тіл жанашырының талап-тілектерімен келісіп, қоғамдық көліктердегі валидаторларды қазақша сөйлететінін жеткізгенін айтты.

Енді қоғам белсендісі бүкіл автобустар мен трамвайларда валидаторларды қазақша сөйлеткеннен кейін колл-орталықтардағы автоматты түрде жауап беретін құралды қазақ тілінде сөйлетуге талап қоятынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама