×

Жалған вакцина паспортын жасағандар мен оны пайдаланғандарға қандай жаза қарастырылған?

Жыл басынан бері жалған вак-паспорт жасау бойынша 207 факт тіркелген

 Халық үні 30.11.2021 | 17:15
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап салынып келеді. Вакцинаның екі компонкентін алған жандарға вакцинация паспорты беріледі. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, жыл басынан бері жалған вакцинация паспортын жасаудың 207 фактісі тіркелген.

Жыл басынан бері бері ішкі істер органдарында барлығы 321 іс тіркелді: ПТР-тестін қолдан жасау бойынша – 114 факт, вакцина паспорттарын қолдан жасау бойынша - 207 факт.

Ведосмствоның хабарлауынша, жалған құжат жасағандар мен оны пайдаланғандар үшін екі түрлі жауапкершілік қарастырылған. Нақтырақ айтқанда, ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша жалған құжат жасағандарға 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама