×

Сәби саудасы: Ажар Ғиният тараздық акушерлерге қатысты жауап берді

Қазақстандағы барлық перзентханада камералар орнатылған

 Дәурен Ерболат 26.01.2023 | 16:55
фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан перзентханаларында сәбиді сату дерегі болмас үшін қандай шара қолданылатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Елімізде осыдан бес жыл бұрын (сәбиді сату – авт.) оқиға болды. Содан кейін біз барлық перинаталды орталық пен перзентханада бейнебақылау камераларын орнаттық. Мамандар мен психологтар сәбиінен бас тартқысы келетін аналармен жұмыс істейтін болды. Осындай жүйелі жұмыс жүргізілді», - Ажар Ғиният Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Сондай-ақ министр жаңа туған сәбиді сатқан тараздық акушерлер жайында тоқталды.

Бұл оқиғаға қатысты толық ақпаратты білмеймін. БАҚ-тың хабарлауынша, әйел босанған соң перзентханадан шығарылған. Ал қалған жағдай жалға алынған пәтерде болған, - деді ол.

Министрдің айтуынша, Қазақстан перзентханаларындағы жағдай министрліктің бақылауында.

«Онда дәрігерлер, басшылар не болып жатқанын бақылайды. Егер әйел жеңіл босанса, олар перзентханада ұзақ болмайды. Мұндай оқиға болса, еліміздегі барлық медициналық қызметкермен жұмыс істейміз», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама