Halyq Uni логотип
×

Сәбиге хиджама жасаған емші жауапқа тартыла ма – министр жауабы

Әлеуметтік желіде тараған видео тексерілетән болды

 Дәурен Ерболат 26.01.2023 | 16:02
Сәбиге хиджама жасаған емші жауапқа тартыла ма – министр жауабы
скриншот: видео

Атырауда кішкентай сәбиге хиджама жасаған емші тексерілуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысынан шыққан министр журналист сұрағына жауап берді.

«Атырауда болған оқиғаға қатысты. Әлеуметтік желіде тараған видеода сәбиге хиджама жасалғанын көруге болады. Бұл қаншалықты заңды? Дәрігер жауапқа тартыла ма?», - деді БАҚ өкілі.

Ажар Ғиният бұл дерекке қатысты тексеріс жүргізілетінін атап өтті.

Бүгінде дәстүрлі емес медицинамен айналысып жүргендер бар. Олар медициналық қызмет көрсетсе, лицензия алуға тиіс. Хиджама – лицензия талап ететін медициналық қызмет түріне жатпайды. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті бұл дерек бойынша тексеріс жүргізеді. Алдағы уақытты біз мәселені талқылаймыз, - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама