Ұлттық қауіпсіздік комитеті жалған VIN-кодтары бар автокөліктерді анықтады
ҰҚК-нің шекара қызметі жалған VIN-кодтары бар көліктерді анықтады.
2022 жылдың басынан бастап ҰҚК шекара қызметінің өткізу пунктерінде сәйкестендіру нөмірлері өзгертілген 27 автокөлік анықталды, – дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі.
2021 жылы шекарашылар ұқсас заң бұзушылықтары бар 217 машинаны анықтады.
«Аталған автомобильдер құзыреті бойынша полиция органдарына берілді», – делінген ақпаратта.
Шекарадан өту кезінде құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін азаматтарға Қазақстан шегінен тыс жерде көлік сатып алу кезінде анағұрлым қырағы болу қажет.