Мемлекетке 1,5 млрд теңге залал келді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті браконьерлердің ұсталғаны туралы хабарлады.
2022 жылғы 15 наурызда ҰҚК-ның Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласы бойынша департаменті тыйым салынған жануарлар дериваттарын өткізу әрекеті кезінде екі азаматты құрықтады, – деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Процессуалдық іс-қимылдар барысында жалпы салмағы 160 кг болатын 641 дана киік мүйізі алынды.
«Облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының деректері бойынша, қылмыстық әрекеттен мемлекетке келген залал 1,5 млрд теңгеге бағаланып отыр», – делінген ақпаратта.
Сот күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.