×

Қызылорда облысында браконьерлерден жүздеген киік мүйізі тәркіленді

Мемлекетке 1,5 млрд теңге залал келді

 Қымбат Елтайқызы 18.03.2022 | 17:30
фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті браконьерлердің ұсталғаны туралы хабарлады.

2022 жылғы 15 наурызда ҰҚК-ның Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласы бойынша департаменті тыйым салынған жануарлар дериваттарын өткізу әрекеті кезінде екі азаматты құрықтады, – деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Процессуалдық іс-қимылдар барысында жалпы салмағы 160 кг болатын 641 дана киік мүйізі алынды.

«Облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының деректері бойынша, қылмыстық әрекеттен мемлекетке келген залал 1,5 млрд теңгеге бағаланып отыр», – делінген ақпаратта.

Сот күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

ШҚО-дағы 197 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Бұл мәселені 2025 жылға дейін шешеміз, - дейді министр
28.05.2023 | 15:15

Астанада емханалардың жеке медициналық зертханаларға қарызы 5 млрд теңгеге жетті

Мәселе қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты, - дейді Абай Ахметбек
28.05.2023 | 14:23

Ашаршылық туралы кітап пен Абай үйі: Кельнде Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Еуропадағы қазақ мәдени ұйымдарының саны артып келеді
28.05.2023 | 14:05

Елордада тағы 12 автобустың бағдары өзгерді

Өзгерген қозғалыс сызбасымен сілтемедегі сурет арқылы танысуға болады
28.05.2023 | 13:47