×

«Қыздар да әуес». Елімізде шектеуге қарамастан насыбай еркін сатылып жатыр

2011 жылы оның құрамында есірткі мен психотропты заттың бары анықталған

 Еркеғали Болатұлы 26.01.2023 | 10:55
фото: ашық дереккөз

Елімізде насыбайға тыйым салынғанымен оның саудасы қызып тұр. Оны бұрын үлкендер ғана атса, қазір жастар бейім болып алған. Сатушылардың айтуынша, тіпті насыбай ататындар арасында қыздар да көп көрінеді.

Дәрігерлердің мәліметінше, кез келген адам басында оны атудан жиіркенеді, бірақ бір рет дәмін татқаннан кейін қалай тәуелді болғанын байқамай қалады. Тіпті психотропты затты қолдану жүрек пен миға, ішкі органдарға зиян екенін ескермейтін халге жетеді екен.

Біз оның 1-2 зиянын ғана зерттеп, анықтадық. Ал толық зерттеу көрсетілмеген. Созылмалы обструктивті өкпенің аурулары көп тарап, қатерлі ісіктер пайда болып жатыр, - деді «Астана» телеарнасына жауап берген нарколог Тоқтар Қойшыбеков.

Еске сала кетсек, елімізде 2011 жылы насыбайдың құрамында есірткі мен психотропты заттың бары анықталған. Ал оған заң жүзінде 7 жыл бұрын шектеу қойылды.

Саудагерлерге әуелі ескерту жарияланады. Кейін олар 5 АЕК айыппұл төлейді. Шағын және орта кәсіпкерлерге 20 АЕК айыппұлға дейін салынады. Өйткені насыбай – бәрібір темекінің бір түрі, тәуелділікке әкелетін зат, -дейді заңгер Ерқанат Бейсенов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама