Halyq Uni логотип
×

Тоқаев сенат төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды

Әшімбаев 2020 жылы сенат төрағасы болды

 Халық үні 26.01.2023 | 10:13
Тоқаев сенат төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды
Halyq Uni

Тоқаев сенат төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы президент парламент сенатының отырысында айтты, деп хабарлады Ақорда.

Менің жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес сенат төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын, – деді Тоқаев.

Президент Әшімбаевтың бұған дейін бұл қызметті абыроймен атқарғанын айтып өтті.

«Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, оны Сенат Төрағалығына лайықты деп санаймын. Сенаттың қызметі табысты болсын! Баршаңызға амандық тілеймін!», – деді президент.

Айта кетейік, 25 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы өңірлерде сайланған, сондай-ақ мемлекет басшысы тағайындаған сенаторларды тіркеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама