Бұл жайт Ұлы Дала даңғылы мен Анырақай көшесінің бойында болған
Елордалық құтқарушылар құдыққа құлаған әйелді құтқарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, «112» желісіне Ұлы Дала даңғылы мен Анырақай көшесінің бойында ашық құдыққа әйелдің құлап кеткені туралы хабар келіп түскен.
Шақыру орнына жедел түрде 13 қызметкер мен 3 бірлік техникадан тұратын елордалық ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Құтқару арқанының және сатысының көмегімен жедел және кәсіби іс-қимылдар нәтижесінде, сондай-ақ құтқарушының сүйемелдеуімен құдықтан 1997 жылғы әйел шығарылды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында құдыққа түсіп кеткен ер адам құтқарылған болатын.