Бір тәулікте 62 адамнан коронавирус анықталды
2 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
Қазақстанда бір тәулікте 62 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
26 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 711 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 114 пациент стационарда, 1 597 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирус анықталғандардың арасында: 6 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр.
2 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.