×

«Миы шайқалған»: Талғарда жасөспірімдер 5-сынып оқушысын соққыға жыққан

Директор мен оқу ісінің меңгерушісі жедел жәрдем мен полицияны шақырмаған

 Халық үні 25.01.2023 | 20:53
фото: видеодан скриншот

Талғар ауданындағы білім беру мекемелерінің бірінде оқушының соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалды, деп хабарлады Tengrinews.kz. 

Видео авторының айтуынша, оқиға 20 қаңтарда Алматы облысы Талғар ауданының Талдыбұлақ ауылында болған.

№34 мектепте жоғары сынып оқушылары 5-сынып оқушысын соққыға жыққан. Олар алдымен мектепте, сосын көшеде ұрған. Директор, оқу ісінің меңгерушісі жедел жәрдем мен полицияны шақырмаған. Баланың анасы оны ауруханаға өзі алып барған. Бұл бірінші рет емес, бір шара қолданыңыздар! Ол – үш баланың анасы, жалғыз тәрбиелеп отыр, - делінген видео сипаттамасында.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылындағы Әбідғұлов атындағы №34 мектептің 5-6-сынып оқушылары арасында төбелес болғанын хабарлады.

«Жарақаттанған баланың анасы полицияға арыз жазды. Қазір бала бас миы шайқалған деген диагнозбен облыстық балалар ауруханасында жатыр. Іс Талғар ауданының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиясының қарауына жіберілді. Мектепте түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама