Мас күйінде көлік ұрлаған әйел ұсталды (ВИДЕО)

Динара Амантай

Бұған қоса оның көлік жүргізуге құқығы жоқ екендігі анықталды

Фото: Halyq Uni

Ақмола облысының полицейлері көлік жүргізу құқығы жоқ ұрыны ұстады. Сол сәтте ол мас болған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, екі құрбы біреудің көлігімен серуендеп келуді шешкен. Алайда олардың сапары ұзаққа бармады. Мас жүргізушіні патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ұстады. Ақмолалық әйелдің көлік құралын басқару құқығы жоқ екендігі анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Енді ұры 20 тәулік бойы әкімшілік қамауда отыруы мүмкін.

Сондай-ақ ол көлікті бейтаныс адамнан ұрлап кеткен. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі («Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.