Павлодарда көшеден ер адамның мәйіті табылды
Қазір полиция таңғы уақытта марқұмның неден қайтыс болғанын анықтап жатыр
Павлодар қаласында көшеден ер адамның мәйіті табылды. Қазір полиция таңғы уақытта көшеден табылған ер адамның неден қайтыс болғанын анықтап жатыр.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 25 қаңтарда сағат 07:10-да қалалық полиция басқармасына Павлов пен Бекмаханов көшелерінің қиылысында зорлық-зомбылық белгісі жоқ ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.
Қазір оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін облыстық жедел жәрдем станциясы 25 қаңтар күні Естай көшесінде орналасқан №95 үйде қайтыс болған ер адамның мәйітінің түскенін хабарлаған болатын.