Қылмыскер шекарадан өтпек болған жерінен ұсталды
Талғар ауданында оқ жарақатын алған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 24 қаңтарда сағат 13:48 шамасында Талғар аудандық ПБ-ға оқ жарақаты бар 32 жастағы азаматтың мәйіті табылғандығы туралы хабарлама түскен.
Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелді.
Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 1990 жылғы күдікті – Талғар ауданының тұрғыны Қордай ауылындағы шекарадан өтпек болған кезде ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.