Талғар полицейлері 32 жастағы азаматты өлтірген күдіктіні ұстады
Қылмыскер шекарадан өтпек болған жерінен ұсталды
Талғар ауданында оқ жарақатын алған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 24 қаңтарда сағат 13:48 шамасында Талғар аудандық ПБ-ға оқ жарақаты бар 32 жастағы азаматтың мәйіті табылғандығы туралы хабарлама түскен.
Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелді.
Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 1990 жылғы күдікті – Талғар ауданының тұрғыны Қордай ауылындағы шекарадан өтпек болған кезде ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.