×

Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына қатысқан 18 айыпталушыға сөз берілді

Бесеуі тергеу изоляторында, қалғаны үйқамақта отыр

 Еркеғали Болатұлы 25.01.2023 | 14:05
фото: nur.kz

Бүгін Ақтөбедегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қаңтар оқиғасына қатысқандардың соңғы сөзін тыңдады. Ал сот үкімі 1 ақпанда оқылады.

Қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінген 18 ақтөбеліктің бесеуі қазір тергеу изоляторында, қалғаны үйқамақта отыр. Оларға «Жаппай тәртіпсіздікке қатысу», «Билік өкіліне күш көрсету», «Қару-жарақ ұрлау» баптары бойынша айып тағылған.

Бүгінгі сот отырысында айыпталушылар соңғы сөзін айтып, өздерін бас бостандығынан және отбасын асырау мүмкіндігінен айырмауды сұрады.

18 адамның ішінде Қылмыстық кодекстің 380-1 бабы 2-бөлігі және 272-бабы 2-бөлігі бойынша айып тағылған азамат өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты.

Мен осыған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқпын. Өзіме тағылған айыппен келіспеймін. Сол күні көліктің рөліне отырғаным рас. Әкімдіктің алдында адамдарды көлікпен қағып кеткеніме, оның ішінде полиция қызметкері жеңіл жарақат алған оқиға үшін өкінемін. Әдейі жасаған жоқпын. Мен соттан толық ақтауды емес, әділ шешім шығаруды сұраймын. 380-1 баптың 2-бөлігі бойынша қылмыс жасамадым, осыны ескеруді сұраймын, - деді ол.

Айта кетейік, бұл істе өңірден 34 жәбірленуші бар. Олардың дені күштік құрылым өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама