×

ҰБТ-дан ең жоғары балл жинағандар қандай университетке барады?

Сарапшылар түлектерге өзіне ұнайтын, қабілетіне сай келетін мамандықты таңдауға кеңес береді

 Дәурен Ерболат 25.01.2023 | 13:45
Фото: Tengrinews.kz

Рейтинг қорытындысына сәйкес, Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинаған талапкерлер Астана мен Алматыдағы университтерге оқуға түседі. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің басқарушы директоры Азамат Байсенбенов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары оқу орындарының 2022 жылғы рейтинг қорытындысын шығарды. «Атамекен» ҰКП жүргізген зерттеуге сәйкес, ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған талапкерлердің қандай университетке баратыны белгілі болды.

Жоғары балл жинаған талапкерлер ең көп баратын университеттер төмендегідей:

Қазақстан-Британ техникалық университеті – 104;

Астана медицина университеті – 101;

Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – 94, - деді Азамат Байсенбенов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең төмен балл жинағандар төмендегі ЖОО-ларға түсетіні анықталды:

  • Қазақ қатынас жолдары университеті – 50;
  • Академик Қаныш Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты – 50;
  • Жұмабек Ташенов атындағы университет – 48;
  • Қызылорда технология және қызмет институты – 22.

Рейтинг қорытындысына сәйкес, талапкерлердің 85%-ы ҰБТ-ны 2 рет, 4%-ы 3 рет және тек 11%-ы бір рет тапсырған.

«Атамекен» ҰКП өкілі түлектерге өздеріне ұнаған мамандықты таңдауға кеңес берді.

«Талапкерлер мектеп бітіріп, университет пен болашақ кәсібін таңдағанда, ең алдымен өзіне ұнайтын, қабілеттеріне сәйкес келетін мамандықты таңдауы қажет. Бірақ жоғары бәсекелестік заманында таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алу мәселесі бәрін ойландырады. Сондықтан біз барлық талапкердің таңдауын жеңілдету үшін осы рейтингті жыл сайын көмекші құрал ретінде дайындаймыз. Биыл оқуға түсуді жоспарлап отырған талапкерлерге ҰБТ-ны жақсы тапсырып, мамандық пен университетке дұрыс таңдау жасауын тілейміз», - деді басқарушы директор.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама