×

Жасы 29-дан асқан 6,7 мың түлек алғаш рет университетке түскен

Зерттеуді «Атамекен» ҰКП жүргізді

 Дәурен Ерболат 25.01.2023 | 13:23
Фото: hse.ru

Ғылым және жоғары білім министрлігі ЖОО-лардың 2022 жылғы рейтинг қорытындысын шығарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Онда 97 университет, 2 мыңнан аса білім беру бағдарламасы, 80 мыңнан аса түлек қамтылды.

Рейтигте 2021 жылдың 81 393 түлегі бойынша деректер талданды. Нәтижесінде 9 287 адамның магистратурада оқуын жалғастырғаны, 3 688 адамның бала күтімі бойынша демалысқа шыққаны, 254 адамның оқуды бітірген соң әскери борышын өтегені белгілі болды. Сараптамаға сәйкес, жасы 29-дан асқан 6 756 түлек алғаш рет бакалаврға түсті. Сондай-ақ 940 түлектің шетел азаматы екені анықталды, - деді «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің басқарушы директоры Азамат Байсенбенов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, рейтингте жұмысқа орналасу көрсеткіші 1,8% өскен.

«Мысалы, 2020 жылы түлектердің орташа жұмысқа орналасу деңгейі – 71%, 2021 жылы – 77%, 2022 жылы 79% өсті. Оның 12%-ы – шартты, ал 67%-ы – тұрақты жұмыс орны. Талдау барысында түлектердің ай сайынғы зейнетақы салымдары ескерілді. Түлектердің жұмысқа орналасуын талдау кезінде олардың 2021 жылғы тамыз бен 2022 жылғы шілде аралығындағы ай сайынғы зейнетақы аударымдары талданды», - деді басшы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама