×

Таразда акушерлер жаңа туған сәбиді 1,5 млн теңгеге сатқан

Медицина қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды 

 Дастан Жұмабекұлы 25.01.2023 | 11:35
фото: Жамбыл облысының полиция департаменті

Тараз қаласында жаңа туған сәбилерді сатумен айналысуы мүмкін деген күдікке ілінген медицина қызметкерлері қамауға алынды.

Жамбыл облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мен Тараз қаласының прокуратурасы дүниеге жаңа келген нәрестелерді саудаға салудың алдын алып, екі медицина қызметкерін ұстады. Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осыған байланысты 12 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 125-бабының 1-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тараз қаласы көпбейінді ауруханасының екі медицина қызметкері ұсталды. ҚР Қылмыстық процессуалды кодексінің 128-бабына сәйкес, ұсталған адамдар қамауға алынды. Баланы сатып алушыға қатысты қолхатпен босату түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қылмыстық іс қала прокуратурасының қадағалауында, –  делінген прокуратураның хабарламасында.

Тергеу кезінде жаңа туған қызды акушерлер 39 жастағы Тараз тұрғынына 1 500 000 теңгеге сатып жібергені белгілі болды.

Нәресте Тараз қаласының сәбилер үйіне орналастырылды. Тергеу жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама