Атырау қаласы аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдік азаматтар анықталды
Атырау қаласында Қытайдың 120 азаматы мен Өзбекстанның 30 азаматы заңсыз еңбек етіп келген. Бұл қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері «Мигрант» жедел іс-шарасы барысында анықталып отыр.
Соның ішінде Өзбекстанның 30 азаматы құрылыс алаңында жұмысқа рұқсат құжаттарынсыз заңсыз қызмет етіп жүрген. Қазір олар қабылдау-тарату орнына қамалды. Жеке бастары анықталғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Ал қала аумағындағы қытай компанияларының бірінің филиалында мерзімдері өткен визалық құжаттармен жүрген Қытайдың 120 азаматына қатысты әкімшілік іс-құжаттары сот органдарына жолданды.