Halyq Uni логотип
×

Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстан СІМ басшылары кездесті

Тараптар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты

 Дастан Жұмабекұлы 25.01.2023 | 09:36
Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстан СІМ басшылары кездесті
фото: mfa.uz

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Ташкент қаласына барып, Өзбекстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Бахтиер Саидовпен кездесті.

Кездесуде сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарының түрлі аспектілері бойынша пікір алмасты.

Екіжақты және көпжақты өзекті мәселелері бойынша белсенді диалогты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Басқосуда екі елдің Экономикалық ынтымақтастық ұйымы аясындағы ынтымақтастығын дамытуға ерекше назар аударылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама