Halyq Uni логотип
×

СOVID-19 жұқтырғандардың саны күрт өсті

5 науқас өте ауыр халде жатыр

 Дәурен Ерболат 25.01.2023 | 09:01
СOVID-19 жұқтырғандардың саны күрт өсті
Фото: ТАСС

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте 66 адамнан СOVID-19, 6 адамнан пневмония табылды.

25 қаңтардағы мәлімет бойынша 1 750 адам коронавирустан емделіп жатыр.

Олардың ішінде 117 пациент стационарда, 1 633 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 6 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше СOVID-19-ды 46 адам жұқтырған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама