×

СҚО-да 24 жастағы қыз екі аптадан бері табылмай жатыр

Сондай-ақ петропавлдық 47 жастағы ер-азаматқа да іздеу жарияланды

 Еркеғали Болатұлы 24.01.2023 | 13:45
фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында 24 жастағы Алена Пятковаға іздеу жарияланды. Одан екі аптадан бері хабар жоқ.

СҚО волонтерлері әлеуметтік желідегі парақшада Алена Евгеньевна Пятковаға іздеу жариялады. 1999 жылы туған қыз 10 қаңтардан бері жоқ. Мамлютка қаласында тұратын ол сол күні Петропавлға барам деп жолға шыққан. Содан бері хабарсыз, - делінген хабарламада.

Аленаның бойы – 168 см, арықша келген, ұзын қара шашты, көк көзді.

Сол күні басында қызғылт түсті бас киім, үстінде қара-көк түсті, жағасы ақ терімен көмкерілген күрте, көк джинсы шалбар, қара бәтеңке болған.

Іздеу жарияланған қыз жайында қандай да бір ақпарат болған жағдайда 8 777 307 99 65, 8 926 626 64 33 немесе полицияның 102 нөміріне хабарласуға болады.

Сондай-ақ 47 жастағы Мұрат Ғалымұлы Мұханжаровқа да іздеу жарияланды. Петропавл тұрғыны соңғы рет туыстарымен қазан айында байланысқа шығып, СҚО Булаев қаласында құрылыста жүргенін айтқан. Кейін онымен байланыс үзілген.

Ер адамның бойы – 170 см, қой көзді, қара қысқа шашты.

Жоғалған ер адамды көрген-білгендер болса, 8 775 152 07 52, 8 775 631 48 11 және волонтерлердің 8 777 307 99 65, 8 926 626 64 33 нөміріне немесе 102-ге хабарласуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Масқара»: Ұлдары органда істейтін қария қарттар үйін паналауға мәжбүр

Үш ұл, бір қызды тәрбиелеген қарт перзенттерінен қайыр жоқ екенін алға тартады
05.02.2023 | 08:40

Дәрігер қатерлі ісіктің негізгі себептерін айтты

Қатерлі ісікке уайым-қайғы да үлкен себеп болады
05.02.2023 | 07:30

Күләш Бәйсейітованың қызы өмірден озды

 83 жасына қараған шағында өмірден өтті. 
05.02.2023 | 06:56

«Елестермен шай ішеміз»: Астанада зират үстіне салынған үйлердің бары рас па?

Мұндай әңгімелер тұрғындардың үйлерін сатуға кедергі 
04.02.2023 | 23:41