×

Шымкент полициясы 10-нан астам веб-порностудияны анықтады

Онда 50-ге жуық қыз жұмыс істеген, оның ішінде кәмелет жасқа толмаған екі жасөспірім бар

 Халық үні 18.03.2022 | 12:35
фото: polisia.kz

Шымкент полицейлері интернет арқылы порнографиялық қызмет ұсынумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев мәлімдеді.

Сот шешімімен барлығы 11 адам қамауға алынды. Олардан шамамен 44 мың АҚШ долларын құрайтын ақша, екі қымбат Toyota Camry 70 және бір Lexus GX 460 көлігі тәркіленді.

Былтыр шілде айында қызметкерлер порностудияны анықтады. Нәтижесінде, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының тұрғындарын анықтадық, оның ішінде Қырғызстанның – 5, Қазақстанның 6 азаматы бар, – деді Арман Бейсенбаев.

Аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы «ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастыру және оған басшылық ету» және «кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау және тарату немесе оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуға тарту» бойынша тіркелді. Қылмыстық топты ұйымдастырып, басқарған Қырғызстан азаматын тінту барысында одан және оның жерлестерінен есірткі заттары тәркіленген.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбір мүшесі өз міндетін атқарып отырған. Белгілі болғандай, қаладағы жалдамалы пәтерлерде арнайы жабдықталған 10-нан астам веб-порностудия анықталды. Онда 50-ге жуық қыз жұмыс істеген, оның ішінде кәмелет жасқа толмаған екі жасөспірім бар.

Сондай-ақ, олардың көпшілігі есірткі пайдаланған. Аталған веб-порностудияның аудиториясында негізінен шетел азаматтары болған және қызмет ақысын шетел валютасымен төлеген.

Қазақстанда нақты уақыт режимінде жұмыс істеген порностудия алғаш рет анықталып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама