×

«Су басса, не істейсіз?». Үкімет басшысы Түркістан облысының әкіміне сұрақты төтесінен қойды

Түркістан облысы – су басу қаупі жоғары өңірлердің қатарына кіреді

 Дәурен Ерболат 24.01.2023 | 11:30
Дархан Сатыбалды, фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға бүгінге дейінгі Жол картасындағы іс-шаралардың біреуі де орындалмағанын айтты.

Ертең өңірді су басып қалса, не істейсіз? – деді премьер сұрақты төтесінен қойып.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жол картасы аясында Түркістан облысында 20 іс-шара (су тасқынына қарсы) жоспарланғанын айтты. Алайда, алдыңғы жылдары қаржы қарастырылмай, биыл жоспарланған барлық іс-шараға керек 2 млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлінбек. Нәтижесінде 32 шақырымға созылатын арнаны түзеу, 15 шақырымға созылатын жағаны бекіту жұмыстары жоспарланып отыр.

Желтоқсан – қаңтар айларында қардың көп жаууына және ылғал қорының мөлшерін ескеріп, 33 инженерлік іс-шарадан тұратын жоспар бекітілген.

Сырдария бойындағы елдімекендердегі су басу қаупінің алдын алу үшін 97 шақырымға созылған қорғаныс дамбасының жағдайын тексеріп, 154 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары атқарылған.

Еске салайық, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин су тасқыны қаупі жоғары өңірлерді атап, бұл санатқа Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Абай, Жетісу облыстары кіретінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама