Су тасқыны: 700 мыңнан астам адам үйсіз қалуы мүмкін
Қазақстанда 255 елдімекенге су тасқыны қаупі төніп тұр
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қай өңірлерде су тасқыны қаупі сақталатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«Су тасқыны қаупі бар аймақтар қауіп дәрежесіне қарай бөлінеді. Қауіп жоғары өңірлерге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Абай, Жетісу облыстары жатады. Қауіп орташа өңірлерге Ұлытау және Павлодар облыстары кіреді», - деді Юрий Ильин Үкіметтің отырысында.
Министрдің айтуынша, бүгінде 255 елдімекенде су басу қаупі бар.
Мұнда 127 мыңнан аса үй бар және 700 мыңнан аса адам тұрады. Былтыр болған барлық су тасқынын талдап, су басудың негізгі себептері өзен арналарының толып кетуі мен шөгуі, дренаж-арық жүйелерінің болмауы, су қорғау белдеулерінде үй салу екенін көрсетті, - деді министр.