×

Бұрынғы әйелін масқараламақ болған Павлодар тұрғыны өкініп қалды

Полиция мән-жайды анықтап, ер адамды ұстады

 Халық үні 24.01.2023 | 00:57
фото: ашық дереккөзден

Павлодарда бұрынғы әйелінің жеке сипаттағы фото-видеосын әлеуметтік желіде жариялаған қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы. 

Күдікті бұрынғы әйелімен бірге түскен фотосуреттері мен бейнематериалдарын жариялап, осы әйелдің танысымын деп жазып қойған. Жәбірленуші оның үстінен арыз жазды. Полиция мән-жайды анықтап, ер адамды ұстады.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 147-бабы, 5-бөлімі (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама